"Ақмола облысы білім басқармасының целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Отаутүскен ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Отаутускен отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс күні

12.05.2021

Сынып жетекшісі: Сулеймен Ж.Қ.
 

Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән – маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер, белгілі даталар, слайд

Тәрбие сағатының барысы:
– Құрметті мұғалімдер мен  оқушылар,!
Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
1 – жүргізуші: Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

2 – жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

«Сарбаздар» әні орындалады. 4 сынып
Ердос : Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 – мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 – ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
Маржан: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 75 жылдығын атап өтеміз.
Ақнәзік: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған.

Әлімжан
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Аяжан: Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 – мамырына қайта оралтады.

 Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.

Әрқашан күн сөнбесін өлеңі 1 сынып


 

2 – жүргізуші: – Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.

Даярлық тобы тақпақтар

  • Жауынгер біздің саңлақтар,
    Жауды жеңген солдаттар.
    Ардақты Отан – ел үшін,
    Бақытты туған жер үшін.

  • Оқ борады күні – түн
    Жатты жерді от қарып.
    Алға қарай ұмтылды,
    Батыр қазақ оқты алып.

  • Туын жықпай қолдағы,
    Опат болды елі үшін.
    Кеудесімен қорғады,
    Азаттықтың жемісін.

 

  • Даламыздың даңқысың,
    Балауса гүл балғын қыз.
    Жанын қиып халқы үшін,
    Жанып түскен ақ жұлдыз.

  • Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
    Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
    Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
    Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

  • Жас ұрпақ, асыр сап
    Шырқайды Ерлікті ән қылып,
    Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
    Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік

  • Қасарысты жиырма сегіз,
    Тынбай атты гранатты.
    «Отан» деген отты лебіз –
    Жандарынан жалын атты.

«Ел қорғауға әзірміз» әні Даярлық тобы орындайды

1 – жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.

2 сынып
Алдияр:
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы – жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.

Нұржігіт:

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша, бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса.

Ақтоты:
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

Рахат 2 сынып: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.

Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Қазақтай ел қайда? әні 2-3 сынып орындалады.

Мұғалім: Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16 – шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100 – бригадасы құрамында майданға аттанды.

Мәншүк Мәметова – Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бексұлтан: Әлия Молдағұлова (1925 – 1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке – шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.

«Отан үшін алға!»- деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды.
Әлия соғыс жылдары ірі – ірі шайқастарға қатысып, мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20 – ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.
Мейіржан: Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.

Аделя: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды, кейін авиация училищесінде білім алып шығады. 1943 – 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп, 800 – ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
3 – оқушы: Қасым Қайсенов (1909 – 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл», «КСРО – ның Қарулы Күшіне 60 жыл»

Рахат 4 сынып:

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

Карина:

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.

Нұрқайыр:

Жеңем деген ел сөзі!

Түрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

Өмір нұры жарқырап.

Қарақат:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

 

 

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

 

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

1 – жүргізуші: Мақал: Мақал – мәтелдер жалғастыру(Отан ,жер ,ер азаматтар туралы)
 Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс!

Ұлы Жеңіс!

Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге – сүйінші!
Шаттан ата – анамыз!
Шаттан ата – бабамыз!

1 – жүргізуші:
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке!

2 – жүргізуші:
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст