"Ақмола облысы білім басқармасының целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Отаутүскен ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Отаутускен отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын күз!

29.10.2021

Күні: 22.10.2021 ж

Тақырыбы: «Берекелі, мерекелі алтын күз»

Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Барысы:

Жүргізуші : Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын күз»атты шарамыздың ашу үшін мектеп меңгерушісі Кенжебекова Зульфия Сағатқызына сөз кезегін береміз. (сөз сөйлейді.)

 

Жүргізуші:

Қуанышқа кенелтіп,

Берекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз!

- Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар мен балалар, ұстаздар қауымы! Мерекелеріңіз құтты болсын! Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым мерекелі, ырысты, берекелі болсын!

Халқымыз күз мезгілін «Алтын күз» дейді. Себебі ағаштар, жапырақтар, шөптер түгелдей дерлік сап-сары болады.

Күз. Өте ерке. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағын түйе қалатын мезгіл.

Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасын аямай төгіп-төгіп жібереді.

Әйтсе де, күздің жомарттығы мен берекесін бәрі де ұнатады.

- Күз мезгілінің алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады.

- Күз мезгілінің екінші айы – қазан. Бұл ай – жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін тойлайтын мереке айы.

- Күздің соңғы айын қараша дейміз. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

Жүргізуші:

- Балалар, сонымен қазір жылдың қай мезгілі екен?

- Күз айларын атап беріңдерші?

- Балалар, күз мезгілінде адамдар қандай еңбекпен айналысады? (Егін орады, жеміс-жидектер, көкөністер жинайды).

- Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады? (күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді).

 

Жүргізуші: 

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Ойнай алмай...

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? 

-күз

Жүргізуші.

-Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)

Жүргізуші:

Жапырақтар сап-сары,

Қонып жатыр жерге келіп.

Қызықтап бау-бақшаны

Шаттанады бал-бөбек.

Ендеше балаларымыздың «Алтын күз» мерекесіне арнап дайындаған тақпақтарын тыңдап көрелік:

 

Барлық сынып оқушылары күз туралы өлеңдерін оқиды.

Жүргізуші:Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Мектептегі бүгін болар сайыстың,

Әнші шығып, әнмен бетін ашады - дей келе кезекті тамаша әнге береміз.

Даярлық сыныбы иен 1 – сынып оқушыларының әнін қабыл алыңыздар

Ән: «                     » даярлық сынып оқушылары

Ән:  « Алтын күз» 1-сынып оқушылары

Жүргізуші: Астық жеміс жиылды.

Қоймамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс.

Алдық өнім сыйыңды- деп келесі кезекті «Кім ойға жүйрік» атты сайымызға береміз. Бұл тапсырмада әр топқа 4 жүмбақтан беріледі. Сол жұмбақтың шешуін шешу керек.

 

Жүргізуші: 1.Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды. (Жапырақ)
2.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
3.Үстіне тігіп көк шатыр,
Асытында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
4.Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешмін? (Қырыққыбат)

Жүргізуші: 1.Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. Қарбыз

2.Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан. Қауын

3.Ұзын-ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие. Асқабақ

4.Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау. Жаңғақ

Жүргізуші: 1.Дөп-дөңгелек доптай

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.(Алма)

2.Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр . Қызылша

3.Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп». (Картоп)

4.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Сәбіз

Жүргізуші:Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр – деп келесі кезекті 2-сынып оқушыларының әндеріне береміз.

Ән: «                     » 2 сынып оқушылары

 

Жүргізуші:

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз балалар барлығымыз.

Ән шырқайық көтеріп көңілдерді,

Кезек беріп әнімізге «                               ».

- Балалар «                          » әнін шырқайды.  3 – сынып

- Балалар «                          » әнін шырқайды.  4 – сынып

 

 

Жүргізуші:

Көкөністер, жемістер,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарқанымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне, балалар, осымен «Берекелі, Алтын күз» атты сыныптан тыс тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 4018


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст